Accessibility links

Иран президенті ШЫҰ саммитінің ашылуына бармайды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ресейде басталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы басқосуының ашылуына бармайтын болды. Дүйсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі деп жоспарланған Ахмадинежад аталған саммитке сейсенбі күні Екатеринбургте қосылатын болады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы басқосуының күн тәртібінде Солтүстік Корея мен Ауғанстан мәселесі тұр. Оған Қытай президенті Ху Жинтао да қатысады деп хабарланып отыр.

Аталған ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері мүше боп табылады. Ауғанстан мен Үндістан және Иран елдері бақылаушы мәртебесіне ие.
XS
SM
MD
LG