Accessibility links

Тыйымға қарамастан Мусавидің қолдаушылары Теһранда шерулер өткізді


Ирандағы президент сайлауында жеңілген үміткер Мир Хоссейн Мусавидің қолдаушылары дүйсенбі күні Теһранда наразылық шарасын ұйымдастырды. Иран билік орындары оппозициялық шерулерге тыйым салған болатын.

Хабарларға қарағанда, Мусавидің мыңдаған қолдаушысы Теһрандағы революция алаңына жиналды. Сол жерде Мусави мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мусави мен Ахмадинежадты қодайтын топтар арасында қақтығыстар орын алған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, маусымның 12-дегі президент сайлауында Махмуд Ахмадинежад қайта сайланды.
XS
SM
MD
LG