Accessibility links

Ресейдегі оппозициялық қозғалыс шеру өткізбекші


Халықтың демократиялық одағы сейсенбі күні Ресейде наразылық шараларын ұйымдастырмақшы. Бұрынғы премьер-министр Михаил Касьянов жетекшілігіндегі оппозиция дағдарысқа байланысты шерулерін елдің 40 аймағында өткізбекші. Касьяновтың кеңесшісі Елена Дикунның айтуынша, билік орындары мұндай шерулерге ресми түрде рұқсат берген.

2004 жылы президент болған Владимир Путин Касьяновты премьер-министрліктен алып тастаған болатын. Орталық сайлау комиссиясы Касьяновтың 2008 жылы президент сайлауына түсуіне тыйым салды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG