Accessibility links

ҚР Ұлттық банкі: Еуроның сатылым көлемі төмендеп кеткен


ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде мамыр айында еуроның сатылым көлемі 29% -ға, яғни 110 миллион еуроға дейін төмендеп кеткен, ал сәуір айында 153 миллион еуро сатылған.

Бірақ айырбастау пункттерінде еуроны сатып алудың деңгейі 10% -ға өскен, яғни бұл көрсеткіш сәуір айындағы 85 миллионнан мамыр айында 94 миллионға дейін жеткен.

Ал доллардың сатылымы мен сатып алу көрсеткіші өткен айдағы деңгейде қалып отыр. Ұлттық банктің мәліметінше, мамыр айында доллардың сатып алынуы 455 миллион доллар болса, сәуір айында 478 миллион доллар болған. Ал сатылым көрсеткіші мамырда 887 миллион доллар, сәуірде 876 миллион доллар болған.
XS
SM
MD
LG