Accessibility links

Қазақстанға Бразилия президенті келеді


Ертең Қазақстанға Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Сильва ресми сапармен келеді, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық байланыстардың даму болашағы мен 2007 жылғы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилия еліне мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысы талқыланады.

Сондай-ақ тараптар экономика, ауыл шаруашылығы, тау-кен және энергетика салаларындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту жайын қарастырмақ.

«Бұл Латын Америкасы өңіріндегі ең ірі ел — Бразилия Федеративтік Республикасының президенті Луис Инасиу Лула да Сильваның ресми сапармен Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға алғаш рет келуі. Кездесуде екі ел президенттері жаппай қырып- жоятын қаруды таратпау, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, интеграциялық процесс сияқты ғаламдық мәселелерді талқыға салады», — ресми өкіл.
XS
SM
MD
LG