Accessibility links

Үлескерлер президентке ашық хат жолдамақ


Бүгін «Верный.kz» ЖШС-нің алданған үлескерлері ҚР президентінің атына ашық хат жолдамақ.

Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген аталған компания үлескерлерінің бірі Константин Тритенко: «Қала әкімшілігі бізге көмек беруден толығымен бас тартып отыр, сондықтан да Конституцияның кепілі ретінде мемлекет басшысына ашық хат жолдағаннан басқа амалымыз жоқ», — дейді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы қаңтардың 26-ында Алматының Медеу аудандық сотының үкімімен «Верный.KZ» құрылыс компаниясының бұрынғы басшылары Майя Әбішева мен Ләззат Есенованың әрқайсысы 9 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді. Ал, компанияның құрылтайшысы Жанат Ақбиевке халықаралық іздеу жарияланған.

«Верный.KZ» құрылыс компаниясының басшылары 2004 жылдан бері 235 үлескерден жиналған 1 млрд 763 млн 435 мың 911 теңге көлеміндегі қаржыны жалған компаниялар ашу арқылы өз істеріне және жеке бастарына пайдаланып кеткендігі айтылған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG