Accessibility links

Офицерді сабаған генерал-майор 4 жылға сотталды


ҚР Бас әскери прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, офицерге дене жарақаттарын келтіріп ұрып-соқққаны және жатақханадан әскери қызметкердің отбасын қуып шығу туралы заңсыз бұйрық бергені үшін айыпталған Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асхат Шойынбаевқа қатысты қылмыстық істі қараған Ақмола гарнизонының әскери соты үкім шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, генерал-майор Асхат Шойынбаев төрт жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сонымен қатар сот Шойынбаевты «генерал-майор» әскери шенінен айыру туралы да ұсыныс жасады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG