Accessibility links

Бұрынғы министр Нұрлан Ысқақовқа қатысты сот тыңдаулары басталды


Бүгін Астананың Есіл аудандық сотында ҚР Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов және бұрынғы вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге қатысты қылмыстық істің тыңдаулары басталды, — деп хабарлайды Новости-Казахстан.

Ашық режимде өткізіліп жатқан сот тыңдауларын Есіл аудандық сотының төрешісі Ерлан Тасыров жүргізуде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев және Әлжан Бралиевтерге, сондай-ақ «Меркурий-плюс» ЖШС-нің өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс маусымның 3-і күні Астана қаласының Есіл аудандық сотына тапсырылған.

2009 жылдың 20-шы сәуірі күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев және Зейнолла Сәрсенбаевтарға қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 1,172 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG