Accessibility links

Нүкіс соты Қазақстанның 27 азаматына үкім шығармақ


Ертең Нүкісте Қарақалпақ Республикасының Жоғарғы сотында қаралып жатқан іс бойынша Қазақстанның 27 азаматына үкім шығарылады, олардың бәріне Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деген айып тағылуы мүмкін, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбелік 27 жүргізушіге «өзге республикаға заңсыз өту», «ұрлық» және «кеден заңдылығын бұзу» деген айыптар тағылған. Мемлекеттік айыптаушылар соттан 27 азаматтың екеуін ұйымдастырушы ретінде 15 жылға, қалғандарын 13 жылға бас бостандығынан айырып жазалауды сұрап отыр. Ал адвокаттар жүргізушілердің мемлекеттік шекарадан қасақана өтпегендерін айтуда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақтөбелік 27 жүргізуші биылғы ақпан айының 26-сында Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас аймағында ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG