Accessibility links

ШЫҰ мемлекет басшылары күзде Қытайда бас қоспақ


ШЫҰ елдері басшылары осы жылдың күзінде Қытайда бас қоспақ, онда олар экономикалық дамудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды, — деп хабарлайды Новости агенттігі.

«ШЫҰ мемлекет басшылары Екатеринбургте өтіп жатқан саммит барысында қабылданатын аймақтық ынтымақтастық жөнінде шараларды күзде Қытайда өтетін жиында талқыға салмақ», — деді ҚХР сауда министрлігі еуропалық істер жөніндегі департаменттің директоры Сунь Юнфу.
XS
SM
MD
LG