Accessibility links

Алматы әкімі мен Штутгарт обербургомисті бірлескен құжатқа қол қойды


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Штутгарттың обербургомистрі Вольфганг Шустер екі қала арасындағы іскерлік байланыс жөніндегі құжатқа қол қойды, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған құжатта екі жақты «өзара сенім, өзара тең құқылық пен өзара мүдделілік негізіндегі» байланыс аясында жүзеге асатын нақтылы шаралар мен міндеттер көрсетілген.

Құжат негізінде Алматы мен Штутгарт арасындағы денсаулық сақтау ақпараттық, муниципиалды басқару, инновациялық технология саласында және кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық жүзеге асатын болады.
XS
SM
MD
LG