Accessibility links

Алматы облыстық әкімшілігінің басшылығы 2008 жылғы табыстарын жария етті


ҚазТАГ –тың хабарлауынша, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов пен оның орынбасарлары, аппарат жетекшісі, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының басшылығы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттері арқылы өздерінің 2008 жылғы табыстарын жария етті.

Облыстық басылымдардың мәліметінше, облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының басшысы Серік Үмбетовтің 2008 жылғы табысы 7 142 222 теңге болса, оның бірінші орынбасары А.Баталов 5 075 070 теңге, облыс әкімінің орынбасарлары Б.Тәкенов 8 003 474 теңге, С.Мұқанов 4 697 737 теңге, Т. Досымбеков 4 732 634 теңге, облыс әкімінің аппарат жетекшісі Е.Нұрбеков 2 784 401 теңге, партияның облыстық филиалы басшысының бірінші орынбасары А. Сейітов 1 424 971 теңге, орынбасары С. Әбдіқадыров 1 441 721 теңге табыс тауыпты.
XS
SM
MD
LG