Accessibility links

Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді қаржыландыруға 1,069 миллиард теңге бөлінді


Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға 2009 жылы 1 миллиард теңгеден астам ақша бөлді, — деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Нұргүл Хамзина.

«1,069 миллиард теңге денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бөлінді. Соңғы 8 жылда медицина ғылымын қаржыландыру көлемі 4 есеге ұлғайды. 2002 жылы Денсаулық сақтау министрлігі бұл мақсатқа 251,7 миллион теңге бөлді», — деді Хамзина.
XS
SM
MD
LG