Accessibility links

Ирандағы толқулардан 7 адам қаза болды


Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні Теһрандағы наразылық шаралары барысында 7 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Биліктің тыйым салуына қарамастан президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразы болған халық шерулерін өткізген болатын. Хабарларға қарағанда, шерушілер үкіметті қолдайтын Басиж исламшыл милициясының ғимаратына шабуыл жасамақшы болған, сол кезде орын алған атыстан 7 адам қаза болған.

Билік тарапынан рұқсат етілмеген шерулерге жүздеген мың адам қатысты. Бұл 1979 жылғы ислам төңкерісінен бері үкіметке қарсы орын алып отырған ең ірі наразылық шарасы деп сипатталуда.
XS
SM
MD
LG