Accessibility links

Обама Ирандағы жағдайға байланысты алаңдаулы


АҚШ президенті Барак Обама Ирандағы сайлаудан кейін болған зорлық-зомбылыққа байланысты өзінің алаңдап отырғанын мәлімдеді. Обама Иранды демократиялық үдеріс пен сөз бостандығын құрметтеуге шақырды. Дүйсенбі күні Вашингтондағы Ақ үйде сөйлеген сөзінде Обама АҚШ Иранның егемендігін сыйлайды және ирандықтар өз жетекшілерін өздері таңдайды деп атап көрсетті. Бірақ ол Ирандағы жаңа толқулардан кейін өзінің үн қатпастан отыра алмайтындығын жеткізді. АҚШ президенті Иран билігін сайлаудағы болуы мүмкін заңбұзушылықтарға байланысты тергеу ісін қантөгіске алып келмейтіндей етіп жүргізуге шақырды.

Әлем елдері Ирандағы жағдайды бақылап отыр деп мәлімдеді Обама. Өткен аптада президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң Иранда бірқатар наразылық шаралары ұйымдастырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG