Accessibility links

Кәсіпкердің отбасын өлтірген Олег Евлоев өмірінің қалғанын колонияда өткізетін болды


Астана қалалық соты жергілікті кәсіпкердің отбасын өлтірген деп айыпталған Олег Евлоевқа колонияда айрықша режимде өмір бойғы отыру жазасын белгілеп, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана қаласындағы Шұбар шағын ауданында 2008 жылдың 21-ші қазанында шетелге іссапарға кеткен жергілікті кәсіпкердің отбасындағы 28 жастағы әйелі мен 10, 7 және 3 жастағы үш баласын әлдекім асқан қатыгездікпен бауыздап өлтіріп кеткен. Сонымен қоса кәсіпкердің «Тойота Камри 40» маркалы автокөлігі мен жалпы сомасы 500 мың теңге (сол кездегі бағаммен 4 мың АҚШ доллары) болатын алтындары мен ақшасын алып кеткені анықталған. Ұрланған автокөлік бір жарым тәуліктен кейін Астанадағы көшелердің бірінен табылған. Іле-шала негізгі күдікті ретінде Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны Олег Евлоевтың есімі аталған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG