Accessibility links

ТМД Экономикалық кеңесі инновациялық ынтымақтастық органын құруды талқыламақ


Ертең Кишинев қаласында ТМД Экономикалық кеңесінің 42-ші отырысы өтеді, оған Қазақстандық делегация қатысады, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

«Отырыстың күн тәртібінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық электроэнергетикалық жүйелерін тасымалдайтын мемлекетаралық желілерін пайдалану саласындағы ынтымақтастық, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық органын құру, 2009 жылы ТМД-ның ортақ бюджетіне үлестік жарналар бөлу сияқты 14 мәселе қарастырылады», — деді ресми өкіл.
XS
SM
MD
LG