Accessibility links

Депутаттар мемлекеттік қызмет мораторийін алып тастауды ұсынуда


Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметке жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынуда, олар бұл ұсыныстарын ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке жолдады.

«Биыл «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқуларын тәмамдайды, 180 мың адам жоғарғы оқу орнын бітіруде, оның 26 мыңы мемлекеттік грант пен несие бойынша оқығандар. Бұл жастарға мемлекеттік қызметке жол жабық болып тұр, сондай-ақ жастарды бизнеске қабылдамайтынын білесіз. Сондықтан да депутаттардың бір тобы аталған мораторийді алып тастауды ұсынамыз. Мораторийді түлектер оқуларын аяқтағанша алып тастау керек», — деді мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.
XS
SM
MD
LG