Accessibility links

Нобель сыйлығының иегері Иранды қайтадан сайлау өткізуге шақырды


Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері, ирандық қоғам қайраткері Шырын Эбади ханым Махмуд Ахмадинежадтың жеңісіне байланысты бұқаралық қарсылықтан кейін Иранды жаңа сайлау өткізуге шақырды.

Сондай-ақ ол көтерілісшілерге қатысты биліктің әрекетін сөз етіп, тұтқындалғандарды босатуға үндеді. Оның пікірінше, «Иран халқы сайлауға байланысты күдігін білдіріп отыр».

«Миллиондаған адам көшеге өз талаптарын бейбіт түрде білдіруге шығып еді, өкінішке қарай, олардың бейбіт талаптары қаһарлы реакцияға тап болды. Енді дауысты қайта санау ештеңе де шешпейді, тек қана жаңа сайлауды халықаралық ұйымдардың бақылауымен өткізу қажет», — дейді ол.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG