Accessibility links

Астана тұрғын үйлеріне бөлінген қаржыны жымқырғандар айыпталды


ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің өкілі Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, қаржы полициясы Астана тұрғын үй басқармасының бастығы Ерікболат Қабылдин мен басқа да қатысты адамдарға байланысты қылмыстық істі зерттеуді аяқтады.

«Қабылдин мен «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қамабаевқа қызмет бабын асыра пайдаланып, 2008-2009 жылдары Астана тұрғын үйлерін жылытуға арналған жанармайға бөлінген 91 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған деген айып тағылды. Сондай-ақ аталған қаржыны жымқыруға көмектескен «Квартирное бюро» АҚ-ның басшысы Еркін Тоқтыбаев пен «Қарағанды бахыт мұнай» ЖШС-нің басшысы Әсет Жаныбаевтар да айыпталды. Қазір айыпталушылар мен олардың қорғаушылары іспен танысуда», — деді Мұрат Жұманбай.
XS
SM
MD
LG