Accessibility links

АҚШ «ғасыр алаяғын» 150 жылға түрмеге жабуы мүмкін


АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржа комиссиясы қаржылық «ғасыр пирамидасын» құрушы Бернард Мэдофқа қаржы нарығында еңбек етуге тиым салды, оған 150 жыл түрмеде отыру қаупі төніп тұр, — деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.

Агенттік сілтеме жасап отырған құжатқа сәйкес, Мэдоффтің бұдан былай брокерлік немесе инвестициялық бағыттағы ешқандай компаниямен немесе фирмамен жұмыс істеуге құқы жоқ.

Рейтер агенттігі атап көрсеткендей, бұл шешім «ғасыр алаяғының» ісін оны жауапкершілікке тартпай-ақ реттеуді білдіреді. Бірақ енді оған 150 жыл түрмеде отыру жазасына тартылумен бірге келтірілген залалдың екі есе көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Бұдан бұрын сотта Мэдофф 20 жыл бойы инвесторларды алдап келгенін, ешқандай инвестиция жөнінде келісім жасамағанын, жәй ғана тұтынушылардың ақшасын өзінің есепшотына аударып отырғанын мойындаған еді. Алданған салымшылардың қатарында АҚШ-тың танымал тұлғалары мен бақуаттары адамдары және әлемдегі ірі банктер BNP Paribas, HSBC, Credit Agricole, Societe Generale, Natixis, Nomura, Royal Bank of Scotland, UniCredit сияқты ұйымдар бар.

Бернард Мэдофқа қатысты сот үкімі 29 маусымда шығарылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG