Accessibility links

ЕО пен Пәкістан алғашқы саммитін өткізуде


Еуропа Одағының жетекшілері мен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Брюссельде кездесіп, террорлық топтармен күрес және жақынырақ сауда байланыстарын құру мәселелерін талқылауда.
Бүгінгі келіссөздер Еуропа Одағы мен Пәкістан арасындағы жоғары деңгейдегі бірінші саммит болып отыр.
Осы аптаның басында ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері Пәкістан аймақтағы тұрақтылық үшін стратегиялық жағынан маңызды болды деген.
Сонымен қатар Пәкістан көрші Ауғанстандағы соғысты реттеуде негізгі рөл атқарады деп танылып отыр.
Еуропа Одағы 2007 және 2010 жылдар аралығында Пәкістанға көмек көрсетуге 200 млн еуро бөлуде.
Президент Зардари сондай-ақ, НАТО-ның бас пәтеріне барып, сөз сөйлемекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG