Accessibility links

НАТО Косоводағы күштерін тағы азайтпақшы


НАТО алдағы екі жыл ішінде Косоводағы бітімгершілік күштерінің санын шамамен 2,500-ге дейін азайтатын болады.
Солтүстік альянстың оңтүстік-шығыс Еуропа бойынша қолбасшысы, адмирал Марк Фиртзгеральд Приштинадағы журналистерге мәлімдегенінде, Косоводағы мәселелер бұдан былай әскери тұрғыда емес деп айтты.
Оның айтуынша, енді Косово полициясы ішкі қауіпсіздігін реттей алады.
Бір апта бұрын НАТО қорғаныс министрлері Косоводағы күштердің санын 14 мыңнан 10 мыңға дейін қысқарту туралы шешімге келген болатын. НАТО-ның бұл аймақта 50 мың әскері орналастырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG