Accessibility links

Мәскеудегі шерушілер қала мэрін тікелей сайлауды талап етті


Мәскеу қаласында ондаған шеруші Дума ғимараты алдында жиналып, ел астанасының мэрін тікелей сайлайтын референдумды талап етті.
Полиция бұл жиынға биліктен рұхсат берілмеген деп, шерушілерді күшпен таратып, олардың бірнешеуін қамауға алған.
Шеруді ұйымдастырушылардың бірі Сергей Удальцев Азаттықтың орыс қызметіне айтқанында, ұсталғандардың кейбірі бүгін Мәскеу қаласы Думасының отырысында сөз сөйлеуі керек болған.
Бұл арада қалалық депупаттар Мәскеу қаласы мэрін сайлау жөніндегі заңды қарап жатыр. Онда енгізілетін өзгерістердің бірі - қала мэрін тікелей сайлайтын референдум туралы болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG