Accessibility links

Даниял Ахметов қорғаныс министрі қызметінен босатылды


«Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штаб бастықтары комитетінің төрағасы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқару жүктелді», - деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Даниял Ахметов әскери шенсіз алғашқы қорғаныс министрі. Ол бұл қызметке 2007 жылы қаңтарда премьер-министр қызметінен босатылғаннан кейін тағайындалған болатын. Қазіргі таңда оның орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов ҰҚК тергеу абақтысында сыбайласқан жемқорлыққа қатысты іс бойынша отыр.
XS
SM
MD
LG