Accessibility links

Президент жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға барды


Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары басталды. Облыс әкімшілігінің мәліметінше, мемлекет басшысы түске дейін Семей полигоны құрбандарына арналған ескерткіш маңында өтетін жиынға қатыспақ.

Президент сондай-ақ бірқатар өнеркәсіп, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда, «СемАЗ» трактор құрастыру зауыты мен Семейдегі жаңа балабақшаны араламақ.

Ал түстен кейін Өскеменге баратын мемлекет басшысы ертең осында өтетін аймақаралық инвестициялық форумға қатысады.
XS
SM
MD
LG