Accessibility links

Үшаралда әскери тікұшақ құлады


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысында әскери тікұшақ құлап, үш экипаж мүшесі ауруханаға жатқызылған.

ТЖМ мәліметінше, Үшарал қаласындағы әскери бөлімнің аумағында оқу-жаттығу жұмыстарын орындау кезінде қонуға бет алған тікұшақ 15 метр биіктіктен құлап, өртенген.

Соның салдарынан әскери экипаждың үш мүшесі: майор А. Қарамергенов, лейтенант А. Аношкин және лейтенант И. Букреевтер ауруханаға жатқызылды. Ал тікұшақтағы өрт екі сағаттан кейін облыстық өрт сөндіру қызметінің көмегімен сөндірілген.
XS
SM
MD
LG