Accessibility links

Ұлыбританияда Назарбаев туралы кітап жарық көрмек


Continuum Publishing Corporation баспасы таратқан мәліметке сай, шілде айының 10-ы күні Ұлыбританиядағы Continuum баспасынан Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарық көрмек.

Қазақстан президенті туралы кітап «Назарбаев және Қазақстанның құрылуы: коммунизмнен капитализмге» деп аталады.

Кітап ауторы Джонатан Айткен әлемдік сахнада Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаевтың пайда болуын түсіндіру үшін елдің түрлі саладағы жетістіктерін сараптаған.

Джонатан Айткен – Ұлыбритания парламенті мен министрлер кабинетінің бұрынғы мүшесі, тоғыз кітаптың ауторы. Бірақ ол 1999 жылы сотта жалған куәлік бергені үшін 18 айға түрмеге жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG