Accessibility links

Ауған сайлауына 10 мың қосымша жасақ тартылады


НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хуп Схеффер Ауғанстанда өтетін сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 8 мың мен 10 мың арасында қосымша күштер тартылатын болады деді.
Схеффер бұл туралы сәрсенбі күні ауған астанасында НАТО бас хатшысы ретінде соңғы рет болған сапары кезінде айтты.
Ол Кабулда Ауғанстан президентігіне түсетін қазіргі президент Хамид Қарзаймен де кездесті.
НАТО-ның қызметінен кетіп бара жатқан басшысы Схеффер бейсенбі күні басқа да екі президенттік кандидатпен кездеседі. Олар бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдуллах Абдуллах та тамыздың 20 өтетін президенттік сайлауға түспекші.
Схеффер өз сөзінде Ауғанстанның еркін де ашық әрі сенімді сайлау өткізуінің маңыздылығын баса айтты.
XS
SM
MD
LG