Accessibility links

ЕО саммиті Баррозуды келесі мерзімге қалдыруды қарайды


Бүгін Брюссельде өтетін саммиттерінде Еуропа Одағына мүше елдердің жетекшілері Жозе Мануэль Баррозуды екінші мерзімге ЕуроОдақ комиссиясының басшысы ретінде қалдыру мәселесін талқылайды. Португалиялық консерватив бұл саммитте Еуропа Одағының атқарушы органының басшысы ретінде өзінің алдағы бес жылға арналған жоспарымен таныстырады деп күтілуде.
ЕуроОдақ саммитінде сонымен қатар Лисабон келісімі күшіне енген жағдайда, ирландиялықтардың егемендік мәселесіне заңды кепілдік беру мәселесін де қарайды. Ирландтар өткен жылы бұл келісімді қабылдамай қойған.
XS
SM
MD
LG