Accessibility links

Тәжікстанның бұрынғы ішкі істер министрі өзін өлтірді


Тәжікстан билігінің хабарлауынша, үкіметтік күштер бұрынғы ішкі істер министрін үйінде қамауға алмақшы болғанда, ол өзін тапаншамен атып өлтірген. Бірақ Махмадназар Солиховтың туыстары Азаттықтың тәжік қызметіне айтқанында, экс-министрді тұтқындауға келген адам өлтірді деді.
Елдің ішкі істер министрлігі Солиховты өз қызметін асыра пайдаланған және 2008 жылғы ішкі істер министрлігі ресмилерінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырылғанды қабылдамады деп айыптаған.
Солихов ішкі істер министрі қызметінен 2009 жылдың қаңтарында алынды. Оның алдында ол елдің бас прокуроры және президент әкімшілігінің басшысы қызметтерінде болған.
XS
SM
MD
LG