Accessibility links

БҰҰ пәкістандық босқындардың көбісіне көмектесе алмай отыр


Бүгін БҰҰ-ның ресмилері Пәкістанның соғыс аймағынан босып кеткендерге көмектесуге жеткілікті қаражаты жоқ екенін айтуда. Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтқан БҰҰ-ның Пәкістандағы қайырымдылық істері бойынша үйлестірушісі қақтығысты аймақтардан бас сауғалап босып кеткен босқындар орналасқан жерлерде қиындық туғызып отыр деді.
Оның айтуынша, БҰҰ-ы тек қана Пәкістанның Суат жазығындағы соғыстан қорғанып қоныс аударған шамамен 2 млн адамға ғана көмек көрсете алады.
Суат жазығында сәуір айының соңында пәкістандық күштер талибан жауынгерлеріне қарсы операциясын бастағаннан бері миллиондаған адам босып кеткен.
XS
SM
MD
LG