Accessibility links

Нәсілшілдік өлімге қатысты алты адам сотталды


Бүгін Мәскеуде 2007 жылы нәсілшілдікпен өлтірілген дағыстандықтардың өліміне қатысты ресейлік алты скинхед түрме жазасын алды.
Сот өкілінің хабарлауынша, скинхедтердің басшылары Андрей Похукаев пен Даниль Тевянский қатаң режимдегі түрмеге 19 және 17 жылға жабылды.
Тағы төрт шабуылдаушы 7,5 жылдан 11 жылға дейінгі түрме жазаларын алды. Шабуылға тап болған екі Дағыстан азаматының бірі ауыр соққы мен пышақ жарақатынан өліп кетсе, екіншісі аман қалған.
Адам құқықтары жөніндегі Мәскеу бюросының мәліметінше, 2004 жылдан 2008 жылға дейін нәсілшілдік шабуылдардан 300 адам қаза болса, 1,300 адам жараланған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG