Accessibility links

Мәскеуде Мұхтар Жәкішевтің қызы баспасөз мәслихатын өткізді


Мәскеудегі Тәуелсіз баспасөз орталығында Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім мен оның адвокаты Данияр Қанафин және «Қазатомпромның» заң департаменті директорының орынбасары Асылхан Дүйсембиндер Мұхтар Жәкішевтің кінәсіздігін дәлелдейтін баспасөз мәслихатын өткізді, — деп хабарлайды «Республика» интернет-порталы.

Адвокат Данияр Қанафин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға кіре отырып, қылмыстық сот өндірісі саласындағы әділдік міндетін алғандығын айтып: «Бұл қылмыстық іс бойынша қорғау құқы өрескел бұзылды. Және бұл бізідң еліміздің ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемесіне қарсы шығып тұр. Осыған байланысты біз адам құқын сақтау саласындағы жағдайды қадағалауға өкілетті халықаралық ұйымдар Қазақстанның өкілетті органдарна ықпал ете алады деп үміттенеміз» , — деді.

Ал Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім әкесін соңғы рет 20 мамыр күні көргенін айтып: «Тұтқындалғаннан кейін оны бізідң отбасынан ешкім көрген жоқ. Бір айға жуық уақыт өтсе де оның жағдайынан бейхабармыз», — деді.

Баспасөз мәслихатында Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішеваның бейнеүндеуі көрсетілді. «Мен осы процестің ашықтығы мен жариялылығына жеткім келеді, сондай-ақ күйеуімді ҰҚК ұсынған қорғаушылар емес, өзіміз таңдаған адвокаттардың қорғауын қалаймын», — делінген ол үндеуде.
XS
SM
MD
LG