Accessibility links

Медицина қызметкерлерінің күні 21 маусымда аталып өтеді


Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша маусымның үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді.

Осы мереке қарсаңында бүгін сағат 15.00-де Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында салтанатты жиын өтеді. Бұл шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, қаланың медицина саласы қызметкерлерінің, ғылыми- зерттеу институттары мен фармацевтік фирмалар мен денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының өкілдеріқатыспақ.
XS
SM
MD
LG