Accessibility links

Қазақстан журналистері «TV-артқа» араша сұрауда


Қазақстан Республикасының Ұлттық телерадиохабарларын тарату ассоциациясы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры, Қазақстан журналистер одағы, сондай ақ Internews Network-тің Орта Азиядағы өкілділігі сынды қоғамдық журналистік ұйымдар ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің атына Қарағандыдағы «TV-арт» телеарнасы мен прокуратура арасындағы даудың телеарнаның жабылуына әкеп соқпауын, сол үшін сотта оң шешім қабылдауға ықпал етуін сұрап ашық хат жазды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 11 маусым күні Қарағанды облысы бойынша арнайы ауданаралық экономикалық сотта «АРТ» телекомпаниясының хабар тарату жұмысын тоқтатуға қатысты үкім жария етілген еді.

Прокурор аталған телекомпанияны ұлт араздығын тудырды деп, конституциялық шектеуге сүйене отырып, сотқа хабар таратуға тиым салу туралы талап-арызды ұсынды. Сөйтіп телекомпанияның тіркеуге қою туралы куәлігі жойылып, жұмысы тоқтатылуы тиіс еді. Ал телеканал басшылары болған жағдайды техникалық ақаулықпен түсіндіреді. Экранға шыққан хабарлама қазақ тілінде, ал хабарламаны сүзгіден өткізетін техникалық қызметкер қазақ тілін білмейтін болған.

Қарағанды облыстық прокуратурасының «АРТ» телекомпаниясының үстінен сотқа шағым түсіруіне SMS-чат арқылы теледидар экранына шығарылған экстремистік –ұлттық мазмұндағы мәтін себеп болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG