Accessibility links

Бішкек Ауғанстанға әскери емес жүк тасуға жол берді


Бүгін Қырғызстан сыртқы істер министрі Қадырбек Сарбаев өз елі мен Құрама Штаттар Ауғанстанға әскери емес жүк тасуға жол ашатын келісімге қол жеткізгенін айтты. Бұл туралы қырғыздардың интернет ақпарат агенттігіне хабарлаған Сарбаев “Қырғызстан тасымал жүгі үшін өз аймағын ашуға дайын” деп, бірақ оның қалай жүзеге асатынын айтпаған.
Таулы қырғыз елінің Ауғанстанмен шекарасы жоқ әрі елдің желді жолдарымен сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүру мүмкін емес.
АҚШ Ауғанстанға жүк жеткізу үшін әлі де Бішкек маңындағы Манас әуебазасын пайдаланып келеді. Бірақ қырғыз үкіметі Құрама Штаттардан алдағы айларда оны босатуды сұраған.
XS
SM
MD
LG