Accessibility links

Ирландия «Лиссабон келісімін» қолдауы мүмкін


Еуропа Одағы Ирландияға «Лиссабон келісімі» бойынша бүкілхалықтық референдумды сәтті қайта өткізуге мүмкіндік бере алатындай кепілдіктер берді.
ЕуроОдақ басшыларының Брюссельде аяқталған басқосуында Ирландияға әскери егемендігін, түсік тастауға рұқсат беретін заңын сақтай алатынына және де салықтың мөлшерін өз бетінше белгілеу құқын қалдыруға уәде берді.
Ол туралы Брюссельдегі басқосудың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз-маслихатында Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу хабарлады.
Өткен жылы Ирландиядағы референдумда қабылданбаған «Лиссабон келісімі» бойынша» ЕуроОдақтың басқару тетіктерін кең реформалау көзделеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG