Accessibility links

Таяу Шығысты бітімге жеткізудің сирек мүмкіндігі бар


Таяу Шығыстағы бітімгерлік істерінде АҚШ-тың жетекші рөлін президент Барак Обама растады. Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк осылай деп есептейді.
Американың «The Wall Street Journal» газетіне берген сұхбатында Мүбәрәк АҚШ-тың қазір жүргізіп отырған саясаты Израиль мен Палестинаның өзара бітімге келуіне сирек мүмкіндік береді деп мәлімдеді.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Хосни Мүбәрәктің бұл пікірін ықыласпен қабылдап, Таяу Шығыс аймағын бітімге жеткізу үшін Барак Обама бастаған АҚШ әкімшілігінің Мысырмен және басқа да араб елдерімен қоян-қолтық іс атқаруға әзір екенін тағы да растады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG