Accessibility links

Сомали астанасындағы шайқастар қайта жалғасты


Сомалидің астанасы – Могадишо қаласынан мыңдаған халық босып кетіп жатыр. Оған себеп – жұма күні үкімет армиясы мен ислам көтерілісшілерінің арасындағы кескілескен шайқастар қайта жалғасты.
Хабарларға қарағанда, соңғы 2 тәуліктің ішінде Могадишода полиция бастығы мен парламент депутаты өлтірілді.
Сомали астанасындағы соңғы 6 апта бойы жалғасқан қанды шайқастардың салдарынан қаладан кемінде 123 мың бейбіт тұрғыны босып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG