Accessibility links

Иранда президент сайлауындағы дауыстар қайта есептеледі


Сенбі күні Иранның жоғарғы заң шығарушы органы - Сақшылар кеңесі 12 маусымда өткен президент сайлауында берілген дауыстардың 10 пайызын қайта есептеу туралы шешім қабылдады. Хабарға қарағанда, бюллетеньдерді әр жерден кездейсоқ таңдап алып есептейді. Сақшылар кеңесінің төтенше мәжілісіне президент сайлауына оппозициядан түскен үміткерлер Мирхоссейн Мусави мен Меһди Карруби қатыспады.
Сайлаудың ресми қорытындысына сәйкес, қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске жетті. Алайда, оппозиция қорытынды бұрмаланды деп мәлімдеді. Одан бұрын Мусави дауыстарды қайта есептеуді емес, қайта сайлау өткізуді талап еткен болатын

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG