Accessibility links

Ресей ядролық қару мен зымырандарын қысқартуға әзір


Сенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеу өзінің ядролық қару таситын күштерін бірнеше есе қысқартуға әзір деп мәлімдеді.
Амстердам қаласындағы келіссөздің барысында Д.Медведев ядролық қару таситын күштердің саны «Стратегиялық шабуыл қаруы-1» келісімінде көрсетілген санынан бірнеше есе қысқартылуы мүмкін деп атап көрсетті. Сондай-ақ, оның айтуынша, ядролық оқтұмсықтардың саны 2002 жылғы «Мәскеу келісімінен» аз болуға тиіс. Осы келісімге сәйкес, Мәскеу мен Вашингтоннның жарағындағы оқтұмсықтардың саны 2200-ден аспауға тиіс.
Жаңа келісімге қатысты Ресей берген ұсыныстардың жай-жапсары Ресей мен АҚШ президенттерінің шілде айына белгіленген кездесуі барысында талданады. Ал «Стратегиялық шабуыл қаруы-1» келісімі алдағы желтоқсан айында күшін жояды.
XS
SM
MD
LG