Accessibility links

Наразалық шеруі қуылған Теһранда жарылыс болды


Иранның саяси оппозициясы мен полицияның арасында қақтығыс болған Теһраннан жарылыс болғаны туралы хабар шықты. Жергілікті баспасөз құралдарының мәліметіне қарағанда, 1 кісі қаза болып, 2 адам жараланды. Жарылыс Ислам төңкерісінің көсемі аятолла Рухолла Хомейнидің сүйегі жатқан кесененің маңайында болғанға ұқсайды. Оның алдында полиция оппозицияның Теһрандағы наразылық шеруін қуып тарату үшін резеңке таяқты, көзден жас ағызатын газды және су зеңбіректері – брандспойттарды қолданды.
Иран оппозиция соңғы президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп мәлімдеп, сайлаудың нәтижесін қайта қарауды талап етумен бір апта бойы наразылық ереуілін өткізіп келеді. Сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске жетті.
Өткен жұма күні Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи сайлау әділ болды деп мәлімдеп, наразылық ереуілін дереу тоқтатуды талап етті.
Батыс елдері Ирандағы ахуалға алаңдаушылықтарын білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG