Accessibility links

1 аптада АҚШ әскерлері Ирақ қалаларынан шығады


Соңғы дерекке сәйкес, Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласының іргесінде болған жарылыстан 25 адам мерт болып, 100-ден аса кісі жараланды.
Бомба орнатылған жүк автокөлігі шийттердің мешіті маңында жарылды.
АҚШ армиясының бүкіл Ирақтан шығуының алғашқы қадамы есебінде 1 аптадан кейін АҚШ армиясының бөлімдері Ирақтың барлық қаласын тастап шығуға тиіс.
Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики бұл шараны «үлкен жеңіс» деп бағалады. Әл-Мәлики көтерілісшілердің тосын шабуылдарды үдете түсуге тырысып бағатынын болжап, бірақ оған Ирақтың қауіпсіздік күштері жол бермейді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG