Accessibility links

Ирақтағы қастандық құрбандарының саны өсе түсті


Ирақтың солтүстігіндегі террорлық қастандық құрбандарының саны 72-ге дейін өсті. Оған дейін 67 кісінің қаза болғаны хабарланған болатын. Хабарға қарағанда, 200-ден астам адам, оның ішінде әйелдер мен балалар жараланды. Жарылыстан 10-даған тұрғын үй қирады.
Киркук қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таза қаласында бомба орнатылған жүк автокөлігі жергілікті шийттердің мешіті жанында жұрт намаздан шыға берген сәтте жарылды. Бұл – Ирақта соңғы жылдары іске асырылған ең зор қастандық болып отыр.
30 маусымға қарай АҚШ-тың әскери бөлімдері Ирақтың барлық қаласынан шығарылуға тиіс. Бұл – АҚШ армиясының Ирақтан біржола кетуінің алғашқы қадамы болмақшы.
XS
SM
MD
LG