Accessibility links

Ауғанстан: Тәліптер АҚШ-тың «Баграм» базасын атқылады


АҚШ пен Ауғанстан шенеунектерінің хабарлауынша, Американың Ауғанстандағы негізгі әскери базасын («Баграм») зымыранмен атқылауының салдарынан 2 АҚШ жауынгері қаза болып, 6 америкалық жараланды. Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жараланғандардың төртеуі әскери қызметкерлер, екеуі – жай азаматтар көрінеді.
Баграм қаласы әкімдігінің өкілі Кабир Ахмадтың айтуынша, жексенбі күні АҚШ-тың әскери базасына 2 зымыран түсіп жарылды.
Кабулдан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан «Баграм» базасын тәліптер нысанаға алса керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG