Accessibility links

Грузин оппозициясы президенттің ұсынысын қабылдамады


Грузия президенті Михаил Саакашвили оппозиция жетекшілеріне парламентке қайта оралуды ұсынды. «Рустави-2» телеарнасынан сөйлеген сөзінде Саакашвили парламент оппозицияның қайта оралуына мүмкіндік беретін заң қабылдай алады деп мәлімдеді.
Оппозиция ұсынысты қабылдамады. Оппозиция өткен жылдың мамыр айындағы парламент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп санап, депутаттық мандаттарынан бас тартқан болатын.
Біріккен оппозицияның көсемі Леван Гачичеладзе, Еуропа сапарынан оралған соң, «Грузияның қайсыбір достары» Саакашвилиді биліктен тайдыру жолындағы күресті жалғастыруға қыруар қаржы бөлуге уәде берді деп мәлімдеді. Ресми билік оған әзірше сыр білдірген жоқ.
Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, грузин заңнамасы саяси партияларды шетелдерден қаржыландыруға тыйым салады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG