Accessibility links

Англияда жылдың ең ұзақ күнін мерекеледі


Англияның оңтүстігіндегі көне дәуірден қалған әйгілі Стоунхедж кешенінде 30 мыңнан астам халық жылдың ең ұзақ күнін мерекеледі.
Аспанды қара бұлттың қаптауына қарамастан жұрт таңғы сағат 5 шамасында күннің алғашқы шұғыласын қарсы алды.
Осыдан 4-5 мың жыл бұрын алып тастардан сақина кейпінде көтерілген Стоунхедж кешеніне жиналған жұрттың көпшілігі – ағаш немесе тас мүсінге табынатындар емес, көне друид дініне табынатындар көрінеді.
Полицияның хабарлауынша, мереке негізінен тыныш өтті. Ал жаңа друидтердің көсемі Артур Пендрагон, Би-Би-Си-ге берген сұхбатында, полиция өздеріне жылы қабақ көрсеткенін атап көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG