Accessibility links

Ирақтағы ең қанды қастандықты «Әл-Қаида» іске асырды


Ирақ үкіметі елдің солтүстігіндегі 70-тен көп адам қаза тапқан қастандықты «Әл-Қаида» ұйымы іске асырды деп есептейді.
Жоғарғы шенді полиция өкілі Сархат Қадыр мәлімдегендей, бұл шабуылдың террористік топ іске асырғандай нышаны бар.
Өткен сенбі күні бомба орнатылған жүк көлігі Таза қаласындағы шийттердің мешіті жанында жұрт намаздан шыға бастаған сәтте жарылды. Соңғы мәлімет бойынша, одан 72 діндәр мерт болып, 163 кісі жараланды.
Бұл Ирақта соңғы жылдардағы ең қанды қастандық болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG