Accessibility links

Ирақта кепілдікке түскен 5 ағылшынның 2 өлтірілді


Ирақта кепілдікке түсіп өлтірілген 2 ағылшынның мәйіті анықталды. Ол туралы ағылшын үкіметіндегі ақпарат көзін сілтеген ақпарат агенттіктері хабарлайды. Олардың есімдері әзірше аталмады. Мәйіттері Ирақтағы ағылшын күштеріне тапсырылды.
Англияның сыртқы істер министрлігі кепілдікте қалды деп есептелетін тағы 3 азаматтың тағдырына қатты алаңдайтынын мәлімдеді.
2007 жылдың мамыр айында Бағдадта қарулы топ 5 ағылшын азаматын ұстап алып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG